Мониторинг и оценка, исследования, проведение тренингов, разработка стратегий

imgАзаматтық сектордың ағымдағы жағдайы туралы зерттеу нәтижелерін таныстыруға шақыру

Құрметті үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың, бизнес пен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері. Сіздерді азаматтық сектордың ағымдағы жағдайы туралы зерттеу нәтижелерін таныстыруға шақырамыз.
Бұл зерттеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қаржыландырған «Қазақстан Республикасындағы үкіметтік емес сектордың даму қарқындары туралы Ұлттық баяндаманы әзірлеу және басып шығару» жобасы шеңберінде «Десента» қоғамдық қорымен жүргізілді. Жобаның мақсаты – бүкіл Қазақстанның заманауи азаматтық қоғамының қазіргі жағдайы мен даму болашағын зерттеу.
Іс-шара сарапшылардың, атап айтқанда ҮЕҰ мен мемлекеттік органдар өкілдерінің кеңес беру кездесуі түрінде өтеді, оның шеңберінде азаматтық сектордың ағымдағы жағдайы, сондай-ақ оның даму болашағы туралы зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері болады.
Кездесу 2019 жылғы 14 қарашада сағат 17.00-де Нұр-Сұлтан қаласы, Балқантау даңғылы, 213 (Казжол қонақ үйі), 2 қабат, «Мирас» залында өтеді.

img

Ноябрь 11, 2019

Проект «Разработка и издание Национального доклада о тенденциях развития неправительственного сектора в Республике Казахстан»

перейти на страницу