ҚР жергілікті өзін-өзі басқару ІІІ Концепциясының дайындалуына арналған кеңестерді мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам мен ҮЕҰ өкілдері және белсенділер бүгін талқылады.
Аталған кеңестерді USAID қолдауымен жүзеге асырылатын «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасының іске асырушысы «Десента» ҚҚ сарапшылары әзірледі.
– ӨӨБ ІІІ Концепциясына кеңестер уақыт талабына сай жасалды. Себебі 2025 жылы алдағы бес жылға азаматтық қоғам дамуын және оның жергілікті өзін-өзі басқаруына қатысуды реттейтін құжат бекітіледі, – деп, аяқталған жұмыс маңыздылығын «Десента» ҚҚ бас директоры Сергей Гуляев қорытты.
Кеңестер топтамасын әзірлеу мақсатында өзін-өзі басқару сұрақтарымен айналысатын сарапшылар тобы жеті ай бойы қажымас еңбек етті. Бұл уақыттың ішінде олар сегіз отырыс өткізіп, тоғыз қомақты құжат зерттеді, олардың ішінде бесеуі әлемнің үздік тәжірибесіне жатады. Бұл құжаттардың арасында талқыланған, алайда күшіне енгізілмеген қазақстандық заң жобалары, қолданыстағы ӨӨБ концепциялары және оларды іске асыру жөніндегі ақпарат болды. Шетелдегі құжаттар поляк және француз тәжірибесін суреттейді. Себебі, бұл мемлекеттердің басқару жүйелері отандық жүйесіне ұқсайды.
Кеңестерді даярлау үрдісіне азаматтық қоғам өкілдері де белсене қатысты. Себебі, сарапшылар өз жұмысы барысында жиналған деректерге сүйенуімен қатар жоба серіктестері Павлодар, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Жетісу областары ауылдық аймақтарында жүргізілген тұрғындарымен кездесулер негізінде жасалған зерттеулерді де кеңінен қолданды.
– Ең күрделі сұрақтарды шешуіне бағытталған кеңестерді әзірледік. Оларға ауылдық округтерде жергілікті өкілді орган ұйымдастыру, функцияларды мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару деп екіге бөліну, депутаттардың өкілеттіктерін мен олардың өкілдіктерін күшейту, ауыл тұрғындары мен жергілікті өзін-өзі басқару органы арасындағы тығыз байланысты орнату жатады. Тағы бір қарастыратын жайт – «жергілікті меншік» («муниципалдық меншік») деген ұғымды енгізу. Баршаларыңыз жалпыұлттық (жер, жер қойнауы), мемлекеттік және жеке меншік ұғымдарымен таныс, – деді жұмыс тобының басшысы Сергей Худяков.
Сарапшының сөзінше, «қазір билік басқарады, ал халық басқаруға белсене араласпай, сын айтады. Жергілікті өзін-өзі басқару бұл мәселенің көзін құртып, тұрғындарға бар сұрақтарды жергілікті деңгейде шешуге мүмкіндік береді. Әрине, бұл үрдіске азаматтарды тарту оңайға соқпайды. Алайда тұрғындардың белсенді қатысуы елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етіледі. Әлемдік тәжірибені қолдану арқасында Қазақстан ӨӨБ құрастырудағы кейбір сатыларды жоғары жылдамдықпен өте алады.»
Жоба командасы әзірленген кеңестер топтамасын ҚР ұлттық экономика министрлігінің мамандары елімізде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы ең маңызды құжат – Концепциясының дайындау кезінде пайдалана алады.
«Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы туралы толық ақпаратты http://decenta.kz/ ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.
Байланыс:
+7 (7182) 30 00 07
+7 (7182) 30 11 90
+7 747 638 15 25
Бұл жарияланым «Десента» ҚҚ қолдаумен және де АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің қаржыландыруымен (USAID) іске асырылатын «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасының аясында әзірленді. Бұл жарияланымның мазмұнына «Десента» ҚҚ жауапты және де ол USAID көзқарасын білдірмейді.
October 15, 2024