Мониторинг және бағалау, зерттеу, тренинг өткізу, стратегияларды әзірлеу

imgҚызметкрлер туралы ақпарат:

Гуляев Сергей Николаевич

Бас директор

20 жылдан астам жобалық басқару тәжірибесі, 70-тен астам жобаны (жергілікті, өңірлік, елдік, халықаралық) іске асыруға қатысуы.

1997 жылдан бастап заң тәжірибесі.

13 жылдан астам жобаларды бағалау және мониторингілеу тәжірибесі  (мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, шетелдік гранттар есебінен қаржыландырылған), әсерге бағалау жүргізу тәжірибесі (Impact Evaluation).

Аналитикалық есептердің, әдістемелік құралдардың, мақалалардың, брошюралардың авторы.

Зерттеу кызметінің 16 жылдан астам тәжірибесі (кабинеттік, далалық, сапалық және сандық әдістер, құрал-саймандарды, әдіснаманы, стратегияны әзірлеу).

Ұйымдастырушылық даму және әлеуетті күшейту саласындағы тәжірибе,  Солтүстік-Шығыс Қазақстаның 4 облысы үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтық қоғам ұйымдарына арналған ресурстық орталығын басқару тәжірибесі (2001-2006).

 

Мамандануы: азаматтық қоғам, адам құқығы, жергілікті өзін-өзі басқару, бюджет ашықтығы, мемлекеттік қызметтер, қалалық даму.

 

Мүшелігі:

ҚР Үкіметінің жанындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесі  (2005-2009 ж. ж.

Қазақстанның Ұлттық бюджет желісі (2006 жылдан бастап)

Америка бағалаушылар ассоциациясы (2011 жылдан бастап)

Өндіруші салалардың ашықтық бастамасы бойынша мүдделі тараптардың Ұлттық Кеңесі (2011-2014 ж.ж.)

«Павлодар облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығы» ЗТБ-нің төрағасы (2005-2011, 2011-2015 ж. ж.)

Қазақстанның II, III, IV, V, VI, VII, VIII Азаматтық форумдарының делегаты.

IV шақырылған Павлодар қалалық мәслихатының депутаты (2007-2012ж.ж.)

Қазақстан Азаматтық альянсының Вице-президенті (2009-2012 ж. ж.)

Инновациялық Еуразия университетінің қамқоршылық кеңесі (2009 жылдан бастап)

Павлодар облысының қоғамдық кеңесі, азамат құқықтары жөніндегі комиссиясының төрағасы (2016 жылдан бастап)

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері Департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесі (2016 жылдан бастап)

Бағалау саласындағы ұлттық қауымдастықтардың Еуразиялық Альянсының үйлестіру кеңесі (2018 жылдан бастап)

Бағалау жөніндегі мамандардың қазақстандық желісінің төрағасы (2018 жылдан бастап)

«Birgemiz» қорының қамқоршылық кеңесі (2020 жыл)

«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» Қазақстандық қоғамдық даму институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әлеуметтік жобалар Ақселераторының сарапшысы (2020 жыл)

 

Көтермелеу:

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрінен алғыс хат (2005ж.), Павлодар облысы әкімінен Алғыс хат (2006ж.), Павлодар қалалық мәслихатынан Құрмет грамотасы (2006ж.), ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған мерейтойлық медаль (2011ж.), «Білім меценаты» медалі (2012ж.), Павлодар облысының 75-жылдығына арналған Медаль (2012ж.), Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінен алғыс хат (2014ж.), Павлодар қалалық мәслихатынан Алғыс хат (2014ж.). Павлодар облысы әкімінен алғыс хат (2016ж.), ҚР Президенті Н. Назарбаевтан алғыс хат (2015ж.), ҚР Президенті К. К. Тоқаевтан Алғыс хат (2019ж.).

Савенко Светлана Ивановна

Есепші

Білімі: Павлодар «Есеп-экономикалық техникумы», Есепші.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Экономист-заңгер.

Жобалау қызметінде бухгалтер ретінде 15 жылдық жұмыс тәжірибесі.

 

Салық, статистикалық есептілікті және бухгалтерлік есепті жүргізу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлеу, жалақыны есептеу және аудару, мемлекеттік, жергілікті және халықаралық грант пен тапсырыс берушілер үшін қаржылық есептерді дайындау.

Сафина Ванда

Жобалау менеджері

Білімі: Инновациялық Еуразия университеті, Павлодар қ.

Факультет: «Қолданбалы биотехнология». Мамандығы: Биотехнология.

Магистратура: Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті (2018-2021)

Компьютерлік ғылымдар факультеті. Әлеуметтану кафедрасы. Мамандығы: басқару әлеуметтануы.

Жобаларды басқарудың, зерттеулер жүргізудің, есептерді әзірлеудің 7 жылдық тәжірибесі.

 

 

Құзыреттіліктері: жобалау менеджменті, фандрейзинг, коммуникация процестерін қолдау, GR (government relations), конкурстық құжаттаманы дайындау, донорлармен және коммерциялық клиенттермен қарым-қатынасты қолдау, PR, жобаларды ақпараттық сүйемелдеу, деректерді жинау және талдау, аналитикалық есептерді әзірлеу, бастапқы жобалық құжаттаманы жүргізу, стратегиялық жоспарлау мен басқаруға қатысу, жобалық топты басқару, сарапшыларды іріктеу, серіктестермен байланыс, өңірлік және елдік жобаларды басқару.

Айдаргазина Юлия

Жобалау менеджері

Білімі: Инновациялық Еуразия университеті, мамандығы-филология.

 

«Әлеуметтік жобалау», «Мониторинг және бағалау», «ҮЕҰ даму деңгейін бағалау», «ҮЕҰ Адвакациялық қызметі», «Жобалауға бірлесіп қатысу» және т. б. тақырыптар бойынша 15-тен астам семинарлар мен тренингтерге қатысушы.

«Десента» қоры шығаратын «Үшінші қыр» журналының редакторы (2010-2011 жж.)

12 – ден астам әлеуметтік жобалардың үйлестірушісі, «Әлеуметтік жобалау негіздері. Донормен жұмыс істеудің тиімді әдістері»,» ашық қалалық кеңістіктерді жобалауға бірлесіп қатысудың негіздері», кем дегенде сегіз табысты іске асырылған жобалардың авторы, Павлодарда алғаш рет «Қала турғындарының көзімен» ашық қоғамдық кеңістіктердің жайлылығын зерттеу әдістемесінің әзірлеушісі, Павлодар облысының ауылдық ҮЕҰ-ның ұйымдық дамуын бағалаушы.

 

Мамандануы: жобалау менеджменті, қоғаммен байланыс, фандрайзинг, қалалық кеңістікті жобалауға бірлесіп қатысу, қала дамуы, жергілікті қалалық қауымдастықтарды құру, БАҚ-мен және жергілікті мемлекеттік органдармен байланыс жасау.

Попов Роман

Жобалау менеджері

Білімі: жоғары, Инновациялық Еуразия университеті, аударма ісі.

Ағылшын тілі (С-1) 22.12.2016 жылғы IELTS сертификаты, 6.0 балл. Неміс тілі (А-2).

 

Жобалар бойынша менеджер ретінде 5 жылдық жұмыс тәжірибесі, үйлестірушінің жұмыс тәжірибесі бар. Аудармашы (ағылшын тілі), менеджер, ассистент, жоба үйлестірушісі ретінде жұмыс істеу: мониторинг бойынша жобалар (2016-2018), мемлекеттік функцияларды беру, құқық қорғау механизмдерін жетілдіру бойынша жобалар (2017), бағалау бойынша жобалар (2018) және т.б. SPSS Statistics Base бағдарламасында жұмыс тәжірибесі бар (деректерді енгізу және өңдеу).

 

Құзыреттіліктері: жобалау менеджменті, фандрейзинг, коммуникация процестерін қолдау, GR (government relations), конкурстық құжаттаманы дайындау, жобаларды ақпараттық сүйемелдеу, деректерді жинау және талдау, бастапқы жобалық құжаттаманы жүргізу, жобалық топты басқару, сарапшыларды іріктеу, серіктестермен байланыс.

 

Сертификаттары:

Әлеуметтік жобаларды бағалау және мониторинг мектебінде оқудан өту туралы сертификат, 2019ж.

«Әлеуметтік инновациялар» семинар-тренингке қатысушы сертификаты, 2019ж.

Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінде оқудан өту туралы сертификат, 2018ж.

 

«Адам ресурстарын басқару ҮЕҰ-ның ұйымдық тұрақтылығының элементі ретінде» семинар-тренингке қатысушы сертификаты, 2016ж.

Бабин Дмитрий

IT-маман

Білімі: Павлодар Басқару Колледжі, Павлодар қ.

Факультет: «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша)». Мамандығы: техник программист.

  

 

Жобалау менеджменті саласындағы 3 жылдан астам тәжірибесі бар. Мамандандыруы: жобаларды IT-сүйемелдеу, лайықты шешімдерді іздеу, веб-сайттарды, Мобильді қосымшаларды әзірлеу үшін техникалық тапсырмаларды әзірлеу, сайттарды әкімшілендіру, кеңсені техникалық қолдау, деректерді бастапқы өңдеу дағдысы, аналитикалық бағдарламалық қамтамасыз етуімен жұмыс (SPSS, Анатилик және т.б.), жобалар іс-шараларын дайындауға және іске асыруға жәрдемдесу.

Асем Али

Кеңсе-менеджері

Жоғары білімі: 2011-2015 жж., С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Химиялық технологиялар және жаратылыстану» факультеті, «Туризм» мамандығы.

Қосымша білімі: 2013 ж., Baltic International Academy (Латвия, Рига), Management & marketing бағдарламасы.

Курстары: 2017 ж., Графикалық дизайн мектебі. (Павлодар қ.), «Adobe Photoshop» негізгі курсы.

 

Тәжірибесі:

·  Іс қағаздарын жүргізу;

·  Ұйымның автономды жұмысын бақылау;

·  Іскерлік келіссөздер жүргізу және серіктестік байланыстар орнату;

·  Көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау;

·  Іс-шараларды ұйымдастыру;

·  Тауарларды, жабдықтар мен материалдарды сатып алуды ұйымдастыру

·  Қызметтерді жылжыту;

·  Персоналды басқару;

·  Даулы жағдайларды шешу;

·  Мәтіндерді қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ тіліне аудару;

 

Арнаулы дағдылар: Графикалық дизайн(дипломдардың, баннерлердің, буклеттердің, визиткалардың және басқа да полиграфиялық өнімдердің дизайны, презентациялардың, әлеуметтік желілер мен жарнамаларға арналған бейнелердің дизайны, фотосуреттерді қалпына келтіру және т. б.).