Мониторинг және бағалау, зерттеу, тренинг өткізу, стратегияларды әзірлеу

imgҚазақстанның ауылдық округтері әлеуетін арттыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар дайындау бойынша сарапшы іздеуге арналған байқау

«Десента» ҚҚ АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен іске асырылатын «Біріккен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы шеңберінде қызмет көрсету конкурсына қатысуға шақырады.

Жоба Үкіметтің жергілікті басымдықтар мен қажеттіліктерге ден қоюын жақсарту үшін Павлодар, Жетісу, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының қалалық және ауылдық аудандарындағы жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік басқару органдарына тікелей көмек көрсетуге бағытталған.

Конкурстың мақсаты: Қазақстанның ауылдық округтері үшін олардың әлеуетін арттыруға бағытталған әдістемелік ұсынымдар дайындау бойынша сарапшыны таңдау.

Жауаптар төменде сипатталған талаптарға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарынан қабылданады.

Осы конкурс шеңберіндегі келісімшарт сомасы 1 300 000 теңгені құрайды.

Қызмет көрсету мерзімі 2024 жылғы 2 желтоқсаннан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейін.

Жауап алу кезеңі: 2024 жылғы 15 қарашадан 25 қарашаға дейін.

Техникалық тапсырманы төмендегі сілтеме бойынша құжатты жүктеу арқылы алуға болады:

https://disk.yandex.ru/d/4bX2hsx85dhIjg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сарапшының кәсіби біліктілігі және қойылатын талаптар

 

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтығы.
  2. Құқық, экономика, қаржы, мемлекеттік басқару, әлеуметтік немесе сабақтас ғылымдар саласында жоғары білімнің болуы.
  3. Талдамалық есептерді, бағдарламаларды, тетіктерді, стратегияларды және ұсынымдарды әзірлеуде кемінде 5 жыл тәжірибесі бар.
  4. Қазақстан Республикасының бюджеттік және салықтық білімі (осы жұмысты орындау үшін қажетті көлемде).
  5. Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, сондай-ақ ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі жобаларға қатысу тәжірибесі, 4-деңгейдегі бюджет туралы білім.
  6. Бюджеттік талдау дағдылары, бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу тәжірибесі.
  7. Кәсіпкерлікті, ауыл шаруашылығын, жер қатынастарын дамыту және қолдау саласындағы білім мен тәжірибе – артықшылық болады.

 

Сарапшының бос орнына өтінім беру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  1. Қызығушылық хаты.
  2. Осы жұмысты орындауға байланысты салалардағы кәсіби қызмет және құжаттарды (әдіснамалар, нұсқаулықтар, ұсынымдар, нормативтік құқықтық актілер) әзірлеу туралы толық ақпараты бар түйіндеме.
  3. Білімі туралы құжаттардың және сарапшының біліктілігін растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері (дипломдар, пәндік саладағы біліктілікті арттыру куәліктері, сертификаттар және т.б.).
  4. Тәжірибені растау үшін талап етілетін салада соңғы 5 жылда көрсетілген қызметтердің тізбесі (Тапсырыс берушінің атауы, қызметтердің/жұмыстардың мәні, қызмет көрсетілген жылы және Тапсырыс беруші өкілінің байланыс деректері (электрондық пошта, телефон нөмірі және байланыс тұлғасының аты).
  5. Орналастырылған құжаттарға сілтемелерді көрсете отырып, кемінде 3 әзірленген Талдамалық өнім туралы ақпарат, егер бұл мүмкін болмаса (келісімшарттық міндеттемелерге, құпиялылықты сақтауға және т.б. байланысты), онда әзірленген құжаттардан үзінділер немесе олардың қысқаша сипаттамасы.

 

Жауаптар info@decenta.org электрондық поштасына жіберілуі керек, сондай-ақ, осы мекенжай бойынша сұрақтар туындаған жағдайда кеңес алуға болады.

 

 

img

November 15, 2024