Мониторинг және бағалау, зерттеу, тренинг өткізу, стратегияларды әзірлеу

imgАуылдық округтердің дамуына арналған партисипативті кездесулер

Қызу талқылау, жағымды атмосфера және де тұрғындардан түскен ұсыныстар «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы шеңберінде ауылдық округтерде өткізілген партисипативті кездесулерді сипаттайды. 

Павлодар, Батыс Қазақстан, Жетісу және Ұлытау облысының әрбіреуінде жобаға қатысуға 5 ауылдық округ таңдалды, яғни, 20 ауылдық округінде партисипативті кездесулер өткізілген болатын.   

Жергілікті қауымдастық пен әкімшілік өкілдерінің қатысуымен өткізілген іс-шаралардың ұйымдастыруына «Десента» ҚҚ мамандары, жобаның қаржылық кеңесшілері мен аймақтық серіктестері атсалысты. Мамырда басталған кездесулер маусым айында өз мәресене жетті.

Талқылаулар келесі басты тақырыптар төңірегінде өрбиді: 

  • ауылдық округтер мәселелері және олардың шешу жолдары;
  • даму перспективалары;
  • аймақтық даму жоспарларын жаңадан жасау не қолданыстағы жоспарларды өзгерту;
  • ауылдық округтер бюджеттері кіріс бөлігінің ұлғайту жолдары. 

«Десента» ҚҚ аймақтақ серіктестерінің пікірінше, кездесуге қатысушылардың көңіл-күйі көтеріңкі болды, олар өз ойларын ашық айтудан жалықпады. 

– Ауыл тұрғындарының туған жеріне деген сүйіспеншілігі орын алатын қиындықтарынан едәуір артық екен, – деді «Талдықорған аймақтық әйелдерді қорғау орталығы» ҚБ президенті Жанар Нұрмұханова.

«Павлодар облыстық азаматтық альянс» Ассоциациясы» ЗТБ директоры Марина Поухтың сөзінше, әкімшілік пен азаматтық қоғам өкілдерінің бірлескен жұмысы соңғысының жергілікті өзін-өзі басқару жетілдіруіне келесі қадамдарды жасауға дайын екендігін айқындады. 

Жоба іске асыратын облыстардың арасынан ең «жас» облыстарына Жетісу және Ұлытау жатады, оларда өткізілген кездесулерге тоқталып өтейік.

Жетісу облысы таңдалған ауылдық округтердің жергілікті қауымдастығына ФАП және поликлиника мамандары жетіспейді, жайылымдар әрі үй жанындағы өсімдік шаруашылығына суармалы судың тапшылығы да бар. Жоғары маңыздылығы мәселелер қатарына облыс аумағында салынған темір жолдардың әлсіз қамтуы, көмірге жоғары бағалар әрі жеткіліксіз газдалану кіреді. Осыдан басқа, жергілікті тұрғындар  жолдардың қанағаттанарлықсыз болуына мен интернет сапасына шағымданады.  

Дегенмен, Жетісу тұрғындары экологиялық әрі спорттық туризм, ұлттық қолөнер мен тағамдар әзірлеу секілді салалардың мүмкіндіктерін даму жолы ретінде жоғары бағалайды. Жергілікті тұрғындардың әрі ауылдық округі бюджетінің кірісін жол жанындағы қызметтерді ұйымдастыру арқылы ұлғайтуға болар еді. Соларға, мәселен, Балқаш көліне бара жатқан туристерге жергілікті қарбыз сұрыпының және т.б. сатуға арналған сауда қатарлардыың салынуын жатқызуға болады. Осыған ұқсас әсер жергілікті тұрғындар көліктерін тұрғылықты мекенжайларына, яғни, ауылдық округінің есебіне тұрғызғаны тигізер еді. Ал балық аулауды кәсіпке айналдырған көлдің жағасында орналасқан Бәйшегір ауылдық округінің тұрғындары балық өндірісінің ашылуын қолдайды. 

Ұлытау облысы ауылдық округтерінің әкімдері үшін жастардың басқа жерлерге қоныс аударуы мәселеге айналды. Сонымен қатар, бұл облысқа да кадрлар тапшылығы тән, әсіресе, дәрігерлер, мұғалімдер, техникалық мамандар жетіспейді. Жоғары дамыған үй жанындағы мал шаруашылығы болса да, одан түскен өнімдерін сатуға өндіріп даярлайтын еш кәсіпорын ашылмаған. Кәсіпкерлікпен айналысуға бағытталған қаржыландыруға ие болғысы келетін азаматтар кепілге қажетті жылжымайтын мүлігінің төмен бағасы кедергі болады. Тағы да бір үлкен мәселе – жолдардың төмен сапасы. 2022 жылдың аяғында басталған газдалану қырқынды іске асыруда, мәселен, Талап а. қажетті инфрақұрылым 95% салынған, ал 2025 ж. аяқталуына дейін басқа да ауылдық округтер енгізілген газдалану жоспары жүзеге асырылмақ. Аймақта абаттандыру жұмыстары жүргізіледі, суаруға арналған судың тапшылығы жоқ. Округтер тұрғындарының өмірінде мәдениет аса маңызды қызмет атқарады: әрбір елді мекенде өзінің мйдениет үйі жұмыс істейді, іс-шаралар ұйымдастырылады. Ұрпақтар сабақтастығы салт-дәстүрлерді ұстану әрі бірлесіп мерекелерді тойлау арқасында гүлденеді.

Жергілікті бюджет ұлғайту шаралары ретінде кездесулерге қатысушылар Талап а. облыстық логистикалық картасына енгізіп, ауылдық округ аумағында орналасқан кәсіпорындарынан түсетін салығын округтық бюджетіне бағытталуды ұсынды. Осыдан басқа, тұрғындар былғары өнеркәсібін дамытуды жөн көреді. Жылыжай кешені, ОСО, SPA ашылуы жақын орналасқан ауылдар мен қалалардан тұтынушыларды тартатын еді, деді кездесуге қатысушылар. 

Павлодар облысына үнілсек, жобаға қатысатын ауылдық округтердің бәрінде ауыл шаруашылығы жоғары дәрежеде дамыған. Алайда округтердің бірінде, Қызылжар округінде, ауыл құрайтын кәсіпорын жоғалтылған. Негізгі қиындықтар ретінде ауыл тұрғындары инфрақұрылымның төмен деңгейін (жолдар, жарық құрылғылары) атайды. Сонымен қатар, олардың сөзінше, алыс орналасқан округтерден облыс орталығына қоғамдық көліктермен жету қиынға соғады, себебі автобустар не аптасына бірнеше рет жүреді, не мүлдем осындай қатынастар қарастырылмаған. Білім берудің сапасы да тұрғындарды алаңдатады. Ефремовка мен Октябрь ауылдық округтерінде балабақшалардың тапшылығы байқалады. Осымен бірге, кейбір округтерінде ФАП-тардың жоқтығы мен балалар оңалту орталықтардың құрастыру керектігі айтылды.  

Әлеуетті даму мүмкіндігі ретінде жергілікті тұрғындар жайылымдарды өсімдік шаруашылығына мен туризм дамытуына беруді ұсынды. Қазір Ефремовка ауылдық округіне қарасты Даниловка а. ұйымдастырылған қоғамдық питомник келушілерді тартады, оның икемдігін ары қарай дамытуға болар еді.  

Батыс Қазақстан облысынан жобаға қатысуға іріктелген 5 ауылдық округінің тұрғындары негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Дегенмен, мал соққан кезінің өзінде олар белгілі бір қиындылықтарға тап болады – кейбір елді мекендерде арнайы соғу цехтары, мал дәрігерлері мен зертханалар жоқ екен. Жайылымдардың тапшылығы мен жемдерді дайындау сұрақтары малшыларды мазалайды. Бұл мәселені шешу мақсатымен малшылар жем базасын өз күшімен жасауды жөн көреді. 

Ауылдық округінің атауы бірдей Сайхин а. жанында темір жол салынса да, жылдар бойы пойыздар тоқтамай өтеді. Бұл жайт Уральск қ. 600 шақырым арақашықтақта орналасқан ауыл тұрғындары үшін аса үлкен логистикалық мәселе болып тұр. Осыған қоса тұрғындар ұзақ арақашықтықтарға жүретін пойыздар жолаушыларға қызмет көрсете алмайды. Ауылдың өзінде орталық су беру жүйесі салынбаған, тұрғындар өз қажеттіліктері үшін суды жер астынан шығарады, сол себептен өсімдік шаруышылығы дамымаған. Ал Бұрлы ауданына жататын Ақбұлақ а. өзінің ерекше сумен танымал, Ақсай қ. сумен қамтамасыз етеді, яғни, бұл елді мекенінің су бұлақтары туризм дамытуына септігін тигізер.

Жобаға қатысатын барлық БҚО ауылдық округтерінің газдалану деңгейі 100% жақындады. Тұрғындар ФАП-тердің жұмысымен қанағаттанса да, облыс орталығы алыс орналасқандықтан медициналық зерттеу өту үшін оларға кәдімгідей саяхат жасауға тура келеді. 

Табыс пен көлік салықтарынан құралатын 4-деңгейлі бюджетті ұлғайту мақсатымен жергілікті тұрғындар бұзушыларға қарсы жұмысты күшейтіп, олардан түсетін айыппұлдарды жинауды жөн көреді. Аталған бағытта жұмыс жүргізудің тағы бір құралы ретінде кәсіпкерлікті қолдау мамлекеттік бағдарламаларды тұрғындарға таныстыру болып табылады. Заманауи сауда орталықтар, былғары өндірісі, шаштараздар, смарт-мектептердің ашылуы, балалар алаңдарын безендіру, медициналық мамандарды тарту секілді шаралар, тұрғындардың пікірінше, жоғары нәтижелерге әкелер еді.  

Барша кездесулер тұңғыш рет өткізгендіктен жоғарыда жазылған барша мәліметтер мен ұсыныстар қосымша зерттелетін болады. Ал іріктелген ауылдық округтер 4-деңгейлі бюджеттері кіріс бөлігінің ұлғайтуына бағытталған мамандар ұсыныстары көпшілікке күзде таныстырылады. 

Бұл жарияланым «Десента» ҚҚ қолдаумен және де АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің қаржыландыруымен (USAID) іске асырылатын «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасының аясында әзірленді. Бұл жарияланымның мазмұнына «Десента» ҚҚ жауапты және де ол USAID  көзқарасын білдірмейді. 

img

July 11, 2024