Мониторинг және бағалау, зерттеу, тренинг өткізу, стратегияларды әзірлеу

imgМемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тиімділігін арттыратын ІТ-шешімін әзірледі

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) сатып алулары жақын арада оң өзгерістерге цифрландыру құралдары арқасында өзгерілмек.

USAID «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы шеңберінде павлодарлық «Десента» ҚҚ МӘТ үшін әзірленетін техникалық сипаттамаларды жасауға арналған жаңа ІТ-шешімінің тұсаукесерін өткізді.  Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу облыстарының өкілдері, үкіметтік емес саланың басшылары және сарапшылары қатысты.

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы жөніндегі ұлттық баяндамаларға негізделетін зерттеулерге сүйінсек, ҮЕҰ басым бөлігі МӘТ арқылы қаржыландырады. Алайда сарапшылардың пікірінше, техникалық сипаттамалардың төмен сапасы МӘТ жобаларының тиімділігін шектейді. Арнайы әзірленген бағдарламалық қамтамасыз ету  техникалық сипаттамалардың даярлауын жеңілдетіп, бұл мәселені шешеді.

Жаңа ІТ-шешімін таппас бұрын «Десента» ҚҚ сарапшысы МӘТ-қа қатысты ҚР мемлекеттік сатып алулар жөніндегі құжаттарды талдап, сатып алулар тәжірибелерін мен осындай жобаларды іске асыру жолдарын зерттеді. Жиналған мәліметтер негізінде жасалған софт Қазақстанның төрт облысына қарасты әлеуметтік даму басқармаларында жарты жыл бойы сыналады.

 

Бұл жарияланым «Десента» ҚҚ қолдаумен және де АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің қаржыландыруымен (USAID) іске асырылатын «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасының аясында әзірленді. Бұл жарияланымның мазмұнына «Десента» ҚҚ жауапты және де ол USAID  көзқарасын білдірмейді. 

img

November 27, 2024

«Соучаствующее управление – разделенная ответственность»

перейти на страницу