Мониторинг және бағалау, зерттеу, тренинг өткізу, стратегияларды әзірлеу

img«Халық қатысатын бюджет» бастамасының зерттеу нәтижелері Алматыдағы конференция кезінде талқыланды  

«Халық қатысатын бюджет» (ХҚБ) бастамасының тұңғыш кешенді республикалық зерттеу нәтижелері Алматыда талқыланды. «Орталық Азияның бірлескен бюджеттеу тәжірибесі: қиындықтар мен перспективалар» конференциясын «Десента» ҚҚ командасы USAID қолдауымен жүзеге асыратын «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы шеңберінде ұйымдастырды.

Зерттеу негізінде бастамасына қатысу тәжірибесі бар 2 000 тарта респонденттің сауалнамасы, оның ішінде бастамасының жүзеге асыруымен айналысатын 41 мемлекеттік қызметкермен әрі Қазақстан, Эстония, Өзбекістан партисипаторлық бюджеттеу саласының сарапшыларымен сұхбаттары жатыр. Құжаттың құрамына ХҚБ жүзеге асырылатын 100 аса қала мен ауданның мемлекеттік органдары берілген деректер енгізілді.

– Еліміздің аймақтарындағы даму біркелкі болмағандықтан мемлекеттік бағдарламалар мен бастамалар да әртүрлі өңірлерде бірдей іске асырылмайды. ХҚБ бастамасына да бұл жайттар ықпалын тигізеді. Жинақталған деректер бастама іске асыру жолдарын біріктіру қажеттілігін көрсетеді. Бұның барлығы да жобаларды жүзеге асыруға қатысты, себебі, жобалар көп жағдайда не белгіленген уақытынан кеш, не толық емес іске асырылады. Бұл зерттеу біз үшін тағы бір маңызды сұраққа «Азаматтар жергілікті бюджет қаражатын жұмсауына қаншалықты әсер ете алады?» жауап береді, – деп, зерттеу өткізу мақсаттарын «Десента» ҚҚ бас директоры Сергей Гуляев атады.

Іс-шараға Қазақстан мен Өзбекістан мемлекеттік қызметкерлері әрі азаматтық қоғам мен ҮЕҰ өкілдері, әлеуметтанушылар, талдаушылар және белсенділер тарапынан сарапшылар қатысты.

–  Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 83% бюджет қаражатын өзінің ауласын, паркін немесе жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыруға жұмсау мақсатымен өтінімді жасауға мен дауыс беруге дайын екендігін айтты. Респонденттердің 43% үшін құзіретті органдардың ақпараттық қолдауы маңызды. «Мамандардың кеңесшілік қолдауы» берілген жауаптарына сәйкес екінші орын алады (40%). Зерттеуге әрбір бесінші қатысушы электрондық порталда жұмыс істеу мен дауыс беру кезіндегі техникалық қолдаудың маңыздылығын атады. Жауаптардың барлығы анық әрі дұрыс нұсқаулықтарды қажет ететін тұрғындар үшін кеңес берілетін орталықтар, телефондық желілер, басқаша айтқанда, жобалық орталықтар ұйымдастыру керек екендігін көрсетті, – деп, зерттеудің бірқатар нәтижелерін «Десента» ҚҚ жоба менеджері Юлия Айдаргазина келтірді.

Жоба іске асыруындағы күрделі мәселелерге әрбір бесінші сауалнама қатысушысы дауыс беру үрдісінің ашықтығын атады. Сарапшылар берілген сұхбаттары қаржыландырудағы мәселелерді әшкереледі: ешбір қала ХҚБ бастамасына белгіленген ТКШ жылдық бюджетінің минималды 10% дейін жеткізбеді. Осыған қарамастан, зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың көпшілігі «Халық қатысатын бюджет» бастамасының пайда болуына және оның нәтижелеріне ризашылығын білдірді.

Жиналған деректер негізінде әзірленген аналитикалық есептің электрондық нұсқасы www.decenta.kz сайтында жарияланды. Сонымен қатар, аталған бастамасына басшылық ететін Қаржы министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі мамандарына ХҚБ бастамасын жетілдіруге мүмкіндік беретін кеңестер дайындалды.

«Бірлескен басқару ортақ жауапкершілік» жобасы туралы толық ақпаратты http://decenta.kz/ ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram  парақшасынан таба аласыз.

 

 

 

Бұл жарияланым «Десента» ҚҚ қолдаумен және де АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің қаржыландыруымен (USAID) іске асырылатын «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасының аясында әзірленді. Бұл жарияланымның мазмұнына «Десента» ҚҚ жауапты және де ол USAID  көзқарасын білдірмейді. 

img

October 17, 2024

«Соучаствующее управление – разделенная ответственность»

перейти на страницу