«Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы іске асыруындағы 2024 жыл қорытындыларын «Десента» ҚҚ командасы жасады.
Тиімді өзара іс-қимыл жасау және жергілікті мәселелерді бірлесіп шешу үшін жергілікті басқару органдарының, өзін-өзі басқарудың және азаматтық қоғам ұйымдарының әлеуетін нығайту – «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасының мақсаты. 2023ж. қазанында басталған жобасын павлодарлық «Десента» ҚҚ АҚШ-тың халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен жүзеге асырады.
Жоба Павлодар, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Жетісу облыстарында іске қосылды. Өңірлердің жоба үйлестірушілері ретінде жергілікті ҮЕҰ таңдалды: «Павлодар облыстық азаматтық альянс» Ассоцияциясы» ЗТБ, «Жайық таңы» ҚБ, «Заман жарғысы» ҚБ, «Талдықорған аймақтық әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ. Реинжинирингті «ЗУБР» ӘКҚ жүргізсе, «Камеда» ӘҚ ҮЕҰ арналған оқыту курсын әзірлейтін болады, оған қатысқан байқау жеңімпаздары шағын гранттарға иеленеді.
2024 жылдың ішінде жобаның іс-шараларына мен зерттеулеріне 3000 астам адам қатысты. Олардың көпшілігі – жобаға іріктелген төрт облысының ауылдық округтерінің тұрғындары. Жоба командасы 20 ауылдық округте партисипативті кездесулерді, ХҚБ бойынша оқыту тренингі және халықаралық конференция, ӨӨБ жөніндегі конференция, сайттың тұсаукесерін өткізді. Мемлекеттік органдар бизнес үдерістерінің реинжинирингіне әрі олардың функцияларын бәсекелестік ортаға беруге дайындық бастады. Жоба шеңберінде келесі өнімдер жарық көрді:
– Азаматтық қоғамды ХҚБ республикалық зерттеу және жергілікті өзін-өзі басқару Концепциясына ұсынымдарды әзірлеуіне тарту қазақстандық ҮЕҰ секторы үшін бірегей тәжірибе болып табылады. Сонымен қатар, біз үшінші жақ ретінде жергілікті қауымдастықты мен әкімдіктерді ортақ мақсаттарға жету үшін біріктіре алдық. Бір жылдық жұмысымыз азаматтарға көрсетілетін қызметтерді жақсарту мақсатында әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдармен серіктестік нығайту жолында тығыз іргетасын қалады, – деп, «Десента» ҚҚ бас директоры Сергей Гуляев бір жылдың ішінде қол жеткізген нәтижелерді бағалады.
ХҚБ іске асыру механизмі жетілдірілетін болады
Жоба командасы 2019 жылдан іске асырылатын «Халық қатысатын бюджет» бастамасының тарихында алғаш рет республикалық кешенді зерттеу жүргізді. Сауалнамаға 20 өңірдің 1948 азаматы қатысты, 48 сарапшы сұхбат берді, 78 қалаға жіберілген 90 сұраныстың жауаптары жиналды.
Бұл деректер жүргізілген Аналитикалық зерттеу есебінің негізін құрды. Қазақ және орыс тілдерінде 100 дана болып басылған зерттеу өңірлерде бастамасының іске асыруына жауапты тұлғаларға жіберілді. Ал электрондық нұсқалар еліміздің кітапханаларының бәріне таратылды.
Зерттеу нәтижелерін жоба командасы Алматы қ. өткізілген «Орталық Азияның бірлескен бюджеттеу тәжірибесі: қиындықтар мен перспективалар» атты халықаралық конференциясы кезінде таныстырды. Зерттеуге енгізілген 35 ұсынымның көбін ХҚБ іске асыруына Қаржы және Ұлттық экономика министрлігінің жауапты тұлғалары жан-жақты қарастырудан кейін қабылдауды жөн көрді.
Еліміздің 10 аймағынан, 13 қаласынан келген 37 мемлекеттік қызметкер «Қазақстандағы ХҚБ іске асыру механизмдері мен құралдары» атты екі күндік тренинг кезінде ХҚБ іске асыруындағы тәжірибесімен сарапшылармен бөлісті.
Қазақстандықтар жергілікті өзін-өзі басқару реформасына қатысуын жөн көреді
2025ж. ҚР өзін-өзі басқару жөніндегі ІІ Концепциясының орнына 2030ж. дейінгі жаңа құжат күшіне енбек. «Десента» ҚҚ сарапшылар тобы жеті ай бойы қажымас еңбек етті. Бұл уақыттың ішінде олар сегіз отырыс өткізіп, тоғыз қомақты құжат зерттеді, олардың ішінде бесеуі әлемнің үздік тәжірибесіне жатады. Бұл құжаттардың арасында талқыланған, алайда күшіне енгізілмеген қазақстандық заң жобалары, қолданыстағы ӨӨБ концепциялары және оларды іске асыру жөніндегі ақпарат болды. Шетелдегі құжаттар поляк және француз тәжірибесін суреттейді. Себебі, бұл мемлекеттердің басқару жүйелері отандық жүйесіне ұқсайды. Сарапшылар жинаған деректерге сүйенуімен қатар жоба серіктестері Павлодар, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Жетісу областары ауылдық аймақтарында жүргізілген тұрғындарымен кездесулер негізінде жасалған зерттеулерді де кеңінен қолданды.
Сарапшылар жұмыстарының нәтижесін «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару дамуына бағытталған ІІІ Концепциясына азаматтық қоғам кеңестері» атты Алматы қ. өткізілген конференциясында еліміздің сарапшылар қауымдастығына, бұл сұрақпен айналысатын министрліктің басшыларына таныстырды.
Жергілікті өзін-өзі басқару қаржылық тәуелсіздіктен басталады
Сол себептен, жобаға қатысуға іріктелген төрт облысы 20 ауылдық округінің тұрғындары мен әкімдіктері жұмыскерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Жиындарға қатысушылар мәселелер, қиындықтар және олардың шешімдерін талқылады. Жиналған деректер, бюджеттер және мемлекеттік бағдарламалардың талдауы нәтижесінде жоба қаржылық кеңесшілері алдағы жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеттері кіріс бөлігінің 20% дейінгі ұлғаюына бағытталған жоспарларды құрды. Жергілікті әкімдіктер (ауылдық округтер, аудандар, облыстар) және облыстық жоба үйлестірушілері арасындағы жасалған ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар қол жеткізілген келісімдерді әрі белгіленген бағытта жұмыс жүргізуді жалғастыратыны растайды.
БҚО Бөрлі ауданы мен Ақбұлақ ауылдық округінің кәсіпкерлері мен әкімдіктерінің жұмыскерлері бөтелкелік су өндіретін Тасқалы ауданының кәсіпорны жұмыскерлерімен тәжірибесімен алмасты. Іс-сапарға қатысышылар бұл өндірісті өзінің округінде дамытуды жоспарлайды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) тиімділігін арттыру
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бөлінген қаржысына іске асырылатын 50% тарта жобалардың техникалық сипаттамалары қолданыстағы заңнамаға сай келеді. Бұндай жобаларға соңғы бес жылдың ішінде 32 млрд теңгеден астам қомақты сома жіберілді. «Десента» ҚҚ жасаған сайт прототипі арқасында осындай жобалардың техникалық сипаттамалар сапасы артып, тиімділігі жоғарлайды. Іріктелген облыстарының әлеуметтік даму бөлімдерінде жарты жылға жоспарланған тексеру кезеңінде сайт прототипі қолданысқа ыңғайлы болып өзгертіліп, Мәдениет және ақпарат министрлігіне еліміздің аумағында енгізу үшін ұсынылады.
Мемлекеттік органдар тиімділігін бизнес үдерістерінің реинжинирингі арқылы ұлғайту
Мемлекеттік органдардың азаматтармен қарым-қатынас үрдістерінің тиімділігін жоғарлату, пікірлер мен ұсыныстар жинау, өтініштермен жұмыс жасау (арыздар, өтінімдер) мақсатында «Десента» ҚҚ бизнес үдерістерінің реинжинирингіне арналған дайындық іріктелген облыстарда өткізді.
2025ж. «Десента» ҚҚ және қор серіктестері ауылдық округтер аймақтық дамыту жоспарлары әрі бюджеттері кіріс бөлігінің ұлғайтуымен айналысады. Қор жұмыскерлері МӘТ арқылы қаржыландыратын жобалардың техникалық сипаттамаларын жасайтын сайт прототипін пайдалану бойынша кеңестерді мемлекеттік органдар қызметтеріне береді және оны бірлесе отыра жетілдіреді. Мемлекеттік органдар бизнес үдерістерінің реинжинирингі және мемлекеттік органдар функцияларды бәсекелестік ортаға беру жұмыстары басталады. Сонымен қатар, қор сарапшылары ХҚБ іске асыру тиімділігінің артуы мен Өзін-өзі басқару ІІІ концепциясының жасалуына барынша атсалысады. Аталған жұмыстардың барлығы азаматтық қоғам күшеюіне, жергілікті өзін-өзі басқару әлеуетінің нығайтуына әкеліп, азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдармен тиімді қарым-қатынас орнатуға негіз болып, жергілікті мәселелерді бірлесіп шешуге жәрдемдеседі.
December 24, 2024