Мониторинг и оценка, исследования, проведение тренингов, разработка стратегий

img«Рухани жаңғыру» — ауқымды әлеуметтік зерттеу өтті

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша қоғамдық пікірді зерделеуге бағытталған ең ауқымды зерттеулердің бірі осы жазда өтті. Сауалнамаға еліміздің барлық 14 өңірі, сондай-ақ республикалық маңызы бар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары қатысты. Қойылған сұрақтарға 2538 сұхбаткержауап берді; сараптамалық сауалнамаға 49 сарапшы қатысты. Зерттеу бойынша ақпаратты «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының өңірлік және орталық жобалық кеңселері ұсынды. Зерттеушілердің алдына қойылған міндет бойынша тұтас және объективті сурет алу үшін барлық ықтимал ақпарат көздері пайдаланылғандығын батыл мәлімдеуге болады.

Сауалнамаға әлеуметтік топтарды, білімі, ауқаты, отбасы жағдайы, этникалық қатыстылығы әртүрлі Қазақстан азаматтары қатысты. Сұхбаткерлердің жасы 18-ден 99-ға дейін болды, ал ерлер мен әйелдер шамамен тең сұралды. Қазақстанның оңтүстік облыстарынан көп сұхбаткерлер жауап берді (сұралғандардың жалпы санының 45,5%-ы), екінші орында солтүстік (23,2%), үшінші орында Қазақстанның батысы (14,7%). Төртінші орынды елдің шығыс облыстары мен орталық Қазақстан бөлісті (тиісінше 8,6 және 8%).

Зерттеу «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру туралы халық қаншалықты жақсы хабардар екенін білуге, халықтың бағдарламаға тартылу деңгейін анықтауға, бағдарламаның ағымдағы нәтижелерін бағалауға және халықтың бағдарлама іс-шараларын қажет етуін зерделеуге мүмкіндік берді.

Әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша сараптамалық баяндамамен https://cisc.kz сайтында, «Ресурстар» бөлімінде танысуға болады. ____________________________________________________________________________

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижелерін бағалау мақсатында ұлттық әлеуметтік зерттеу Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» жобасы аясында өткізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұхбаткерлерді өңірлер бойынша бөлу

img

Ноябрь 19, 2019

Проект: Изучение общественного мнения по вопросам реализации программы «Рухани жангыру»

перейти на страницу

«Рухани Жаңғыру» - состоялось масштабное социологическое исследование

перейти на страницу