2023 ж. бастап «Десента» ҚҚ USAID қолдауымен іске асырылатын «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы шеңберінде отандық мемлекеттік органдардың бизнес-үрдістерінің қомақты зерттеу аяқталды.
Мемлекет және азамат, азамат және мемлекет деген өзара қатынастырды реттейтін қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттар әрі ҚР сандық платформалар зерттеудің негізгі нысандары ретінде қарастырылды. Сонымен қатар, жоғарыда айтылған өзара әрекеттесуді сипаттайтын қазақстандық және шетелдік үздік тәжірибелер зерттеудің құрамына енгізілді.
Жұмыс өткізілуіне жоба серіктесінің ұжымы – «Зубр» ӘКҚ төрт ай және 100 құжат қажеттенді. Олардың негізінде үш талдау құрастырылды:
– Бар тәжірибелерді жан-жақты зерттеу кез келген бастама үшін маңызды. Сол себептен біз серіктесімізге осындай тапсырыс бердік. Жасалған жұмыс мемлекеттік органдар бизнес-үрдістер реинжинирингі үшін бастапқы қадам бола алды. Іріктелген ақпарат арқасында азаматтар мен мемелекеттік қызметкерлер өзара қатынасқа түскенде тап болатын қиыншылықтарды көріп, оларды түзету жолдарын мен қалыптасқан жағдаяттан шығу жолдарын анықтадық. Өткізілген зерттеудің нәтижесінде бизнес-үрдістердің жаңа кескіндімесін жасау келесі қадамымыз болмақ, – деп, жұмыстың аяқталған кезеңін «Десента» ҚҚ бас директоры Сергей Гуляев қорытты.
Бизнес-үрдістер реинжинирингі Ұлытау, Жетісу, Павлодар және Батыс Қазақстан облыстарында өткізіледі. 2,5 жылдың ішінде жобаға қатысуға іріктелген бөлімшелердің жұмыскерлері жоба сарапшыларымен бірлесіп бизнес-үрдістерді жаңадан қалыптастырып, реттелуімен айналысатын болады. Бұл жұмыс аяқталған соң олар жинаған тәжірибемен басқа бөлімшелер мен департаменттер, еліміздің қалған аймақтарымен бөлісе алады.
Бизнес-үрдістер реинжинирингі – қолданыстағы үрдістердің тиімділігін арттыру мақсатымен жаңадан қарау мен құрастыру тәжірибесі болып табылады. Ол ХХ ғасырдың соңында америкалық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне нәтижесі бар жауап ретінде пайда болды. Реинжиниринг өткізудің бірнеше әдіснамасы бар. Толық ақпаратты @u_decеnta жобаның инстаграм аккаунтынан табуға болады.
Жариялымның мазмұнына «Десента» ҚҚ жауапты. Жариялымда айтылған пікірлер «Десента» ҚҚ пікірі болып табылады және де ол USAID ұстанымын білдірмейді.
July 26, 2024