Жергілікті өзін-өзі басқару Қазақстанда жетілдірілетін болады
«Десента» ҚҚ командасы «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы аясында кезекті жұмыс кездесуді Астана қаласында ұйымдастырды. Іс-шара Экономикалық зерттеу институтында өтті.
Үшінші «2025-2030 жж арналған ҚР жергілікті өзін-өзі басқару Концепциясы» үшін ұсыныстарды әзірлеу кездесудің басты тақырыбына айналды. Аталған сұрақты қор тартылған сарапшылар ҚР Ұлттық экономика министрлігінің өкілдерімен бірлесіп талқылады.
Кездесу басында қор директоры Сергей Гуляев жиналған қауымға жоба мақсаттары мен міндеттері жария етті. Осыдан кейін ол қор жүргізіп жатқан жұмысы жайлы сөз етіп, оның ішінде – ХҚБ бастамасының жетілдірілуі, ауылдық округтер бюджеттері мен потенциалын ұлғайту және де мемлекеттік функцияларды бәсекеге қабілетті салаларға беріп жіберу үшін функционалдық шолулар жасауына тоқтады. Сонымен қатар, қор басшысы жаңа ӨӨБ концепциясын жасау кезеңдегі бірлесіп жұмыс жүргізу мен іс-әрекеттерді басқару сұрақтарына баса назар аудара білді.
Келесі сөз кезегі алған ҚР ҰЭМ Аймақтарды талдау мен жергілікті өзін-өзі басқару департаментінің өкілдері еліміздің ӨӨБ-ның сұрақтары мен даму мүмкіндіктері жайлы сөз етті.
Жоба сарапшысы әрі кездесу модераторы қызметін атқарған Сергей Худяков ұсыныстарды әзірлеу кезіндегі сарапшылар жұмысын ұйымдастыру принциптерін атап өтті. Ал оның әріптестері – ӨӨБ саласындағы сарапшылар аталған салада орын алған мәселелерді шешуге арналған жолдарды атап, халықаралық тәжірибесінен алынған мысалдарды келтірді.
– Аталған кездесу азаматтық қоғам өкілдерінің ӨӨБ даму концепциясын әзірлеу үрдісіне қатысуына арналды. Бұл жиналысымыз алғашқы рет өткізілуіне қарамастан аса пайдалы болды, деп айта аламын. Ортақ жұмысымыздан күтілетін нәтижелерін жан-жақты талқыладық. Жұмысымыздың бастау кезінде ӨӨБ басқаратын орган – Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері өздерінің білімдері, жақсартуды талап ететін сұрақтар мен күтілетін нәтижелерімен бөліскені біз үшін аса маңызды болды, – деп, өтіп кеткен іс-шараны Сергей Гуляев қорытты. – Сонымен қатар, байқау негізінде іріктелген сарапшылар тақырыпқа қатысты мәселелердің түсінігі бар екенін көрсетіп, кеңестерін берді.
2025-2030 жж арналған ҚР жергілікті өзін-өзі басқару Концепциясының мазмұнына қатысты ұсыныстар қалың жұртшылықтың назарына күзде ұсынылады. Олар еліміздің әртүрлі аймақтарында тұратын азаматтық қоғам өкілдерінің қажеттіліктері мен ұсыныстары негізінде әзірленеді.
«Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасын «Десента» ҚҚ АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржылық қолдауымен іске асырады.
Жариялымның мазмұнына авторы жауапты. Жариялымда айтылған пікірлер автор пікірі болып табылады және де ол USAID ұстанымын білдірмейді.
May 27, 2024