Мониторинг және бағалау, зерттеу, тренинг өткізу, стратегияларды әзірлеу

imgТренингтер

Біз ұсынатын тренингтеріміз:
• • Ашық тренингтер;
• • Корпоративтік тренингтер

1Персоналды басқару img img

Персоналды басқару

Аудиториясы: ұйым басшылары

Нәтижесі:

– персоналды басқару түсінігі мен мәнін нақтылау

– штатты жоспарлау дағдысы

– тиімді қызметкерлерді іріктеу және жалдау дағдысы

– персоналдың материалдық және материалдық емес уәждемесін пайдалану

– персоналды бағалау және аттестаттау форматын әзірлеу

– қызметкерді ұйымның пайдасына жұмыстан босатуды пайдалану.

2Уақыт менеджменті img img

Уақыт менеджменті

Бүгінгі күнді қолыңда ұстасаң, ертеңгі күнге аз тәуелді боласын… (Луций Сенека)

Аудиториясы: басшылар, негізгі қызметкерлер, менеджерлер, қызметі уақытқа қатты тәуелді немесе түрлі істердің көп санымен жүктелген қызметкерлер

Нәтижесі:

  • уақытты жоспарлаудың өзіндік әдістері бағаланды
  • уақыт «жұтқыштарын» және «жұтқыштарды» болдырмау стратегияларын білу
  • «Альпы», «Паретто принципі бойынша», «АВС-талдау», «Эйзенхауэр матрицасы» уақытты жоспарлау әдістерімен танысу
  • әр түрлі әдістемелерді қолдана отырып жоспарлау дағдылары менгерілді

3Стратегиялық жоспарлау img img

Стратегиялық жоспарлау

Аудиториясы: ұйым басшылары, ұйымдардың негізгі қызметкерлері

Нәтижесі:

  • жоспарлау процестері және оның қажеттілігі
  • стратегиялық жоспарлаудың қадамдық үдерісімен танысу
  • стратегиялық іс-қимыл жоспарын жазудың әрбір кезеңін әзірлеу
  • стратегиялық іс-қимыл жоспарын талдау

4Көп пәтерлі тұрғын үйді басқару img img

Көп пәтерлі тұрғын үйді басқару

Аудиториясы: ПИК және МИБ төрағалары, басқарма мүшелері, басқарушы және сервистік компаниялардың өкілдері, үйлер мен кіреберістер жетекшілері, бастамашыл тұрғындар.

Курстың мазмұны:

  • Қызметті жоспарлау;
  • Техникалық байқау;
  • Жұмыс жоспары мен кестесін әзірлеу;
  • Шығындар сметасын жасау;
  • Мердігерлерді іздеу және таңдау;
  • Жұмыстарды қабылдау;
  • Қаржылық жоспарлау;
  • Құқық мәселелері және т. б

5Жобалауға бірлесіп қатысу img img

Жобалауға бірлесіп қатысу

Аудиториясы: басқарушы және сервистік компаниялар, үйлер мен кіреберістер бойынша жетекшiлер, басқарма мүшелері, көп пәтерлі тұрғын үйлердің бастамашыл тұрғындары, тұрғын үй инспекциялары, ТКШ бөлімдері, сәулет және құрылыс бөлімдері.

Курстың мазмұны:

  • Жобалауға бірлесіп қатысу (ЖБҚ);
  • ЖБҚ алгоритмі (жобаның мүдделі тұлғаларын зерттеу);
  • Жобаны бірлесіп әзірлеу;
  • Жобаны бірлесіп іске асыру және бағалау;
  • Жобаны қоғамдастыққа табыстау;
  • Қала аумағын жобалаудағы бірегей сәулеттік шешімдер;
  • Кейстерді қарастыру(РФ және ҚР өңірлерінен мысалдар).

6Бастамашылық бюджеттеу img img

Бастамашылық бюджеттеу

Аудиториясы: жергілікті билік органдарының өкілдері (экономика және бюджеттік жоспарлау, қоғамдық даму, энергетика мен ТКШ және т.б.), мәслихат депутаттары, қала тұрғындары, кәсіпкерлер қауымдастығы, ҮЕҰ.

Курстың мазмұны:

  • Бастамашылық бюджеттеу (ББ);
  • ББ-дің құқықтық негіздері;
  • ББ алгоритмі;
  • Азаматтар бастамаларының мысалдары;
  • Қаржыландыру мәселелері;
  • Нәтижелерді қабылдау;
  • Объектілерді одан әрі пайдалану нұсқалары.

7Мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру img img

Мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру

Аудиториясы: жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ.

Курстың мазмұны:

  • Мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру бастамасының мақсаты мен міндеті;
  • Құқықтық негіздері;
  • Мемлекеттік функциялардың түрлері;
  • Беруге жатпайтын функциялар;
  • Берілу тәсілдері;
  • Берілген функцияларының мониторингі

8Команда құру тренингі img img

Команда құру тренингі

 «Арқан курсы»

Аудиториясы: бір ұйымның, бөлімшенің немесе бөлімнің қызметкерлері.

Нәтижесі:

  • қатысушыларды біріктіру
  • ортақ мақсатқа жетудегі топтастыру
  • мәселелерді бірлесіп шешу
  • жалпы жеңістен жағымды эмоцияларды туғызу
  • командада өзара әрекет дағдыларын меңгеру
  • көшбасшыларды анықтау

«Команда құру»

Аудиториясы: бір ұйымның, бөлімшенің немесе бөлімнің қызметкерлері.

Нәтижесі:

  • өз командасының мүшелерін тиімді ынталандыру қабілеті
  • өз командаларын құру және дамыту
  • команда мүшелерін тиімді дамыту
  • адамдарды тиімді түрде басқару
  • топтар арасында тиімді байланыс орнату
  • күшті қуатты және жақсы көңіл-күй алу

9Коммуникация тренингі img img

Коммуникация тренингі

«Тіпті батыстың өзінде бизнес дербестендіріледі– бірінші орынға адамдар арасындағы қарым-қатынас шығады. Ал Ресейде ол әрдайым осындай болды. Сіз және сіздің бизнес серіктесіңіз алдымен өзара сенімді қарым-қатынастарын орнатасыз, содан кейін өзара тиімді шешімдерге жол іздейсіз».

Оуэн Кэмп, Hewlett-Packard (НР) вице-президенті

және Ресей мен ТМД елдеріндегі НР бас директоры

Аудиториясы: сату бөлімдерінің менеджерлері, сату агенттері, компанияның ішкі және сыртқы клиенттерімен жұмыс істейтін қызметкерлер.

Нәтижесі:

  • табысты тұлғааралық коммуникацияның барлық құрамдастары, факторлар мен кедергілер туралы түсінік алынды
  • әріптестік қарым-қатынас, бәсекелестік және ынтымақтастық негіздері пысықталды
  • өзін-өзі таныстыру дағдысы пысықталды
  • белсенді тыңдау, тиімді сұрактар қою, кері байланыс беру және алу техникасы пысықталды
  • коммуникативтік қасиеттері дамыған
  • өзара іс-қимылдың өзіндік стилі талданды
  • эмоциялық шиеленіс жағдайларындағы әрекеттер талданды

10Іскерлік ойындар img img

Іскерлік ойындар

Аудитория: бір компанияның қызметкерлері, компанияның түрлі филиалдарының қатысуы мүмкін, қатысушылар саны 15-тен 120 адамға дейін

Мазмұны:

Іскерлік ойын әдісі бастапқыда практикалық басқару саласында, сондай-ақ әскери істе пайда болды. Бұл әдісті еліктеу әдісі деп атауға болады, яғни мамандарды кәсіби функцияларды орындауға, нақты оқиғаларда емес, үлгілерде қателіктерді бөлшектеуге үйрету.

Ойын рәсімдері оның қатысушылары болып табылатын және проблеманы шешуге мүдделі мамандардың үлкен тобының шығармашылық қызметін үйлестіріп отырады.

11Жаттықтырушыларға арналған тренинг img img

Жаттықтырушыларға арналған тренинг

  • Аудиториясы: персоналды оқыту саласындағы мамандар
  • Нәтижесі:
  • оқытудың интерактивті әдістерін меңгеру
  • тренинг модульдерін әзірлеу дағдысы
  • аудиторияны иелену дағдысы
  • топтық динамиканың дамуына әсер ету
  • тренингтік техника мен жаттығуларды толықтыру

Тренингке тапсырыс беру

Өзіңіздің байланыс деректеріңізді жазып қызықтыратын сұрақты қысқаша сипаттаңыз

Жіберуimg
Сізге алғыс айтамыз, біз жақын арада хабарласамыз.
Қосылу мәселесі пайда болды,
Барлық өрістерді толтыруға өтінеміз